Subaru түпнұсқа мотор майы – қозғалтқышың кәсіби қамқоршысы
Lukoil ұсынған түпнұсқа Subaru 5W-30 және 0W-20 мотор майы қозғалтқышты қорғайтын жоғары қорғаныш қасиеттеріне ие, бұл қозғалтқыштың тамаша жұмыс көрсеткіштерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Subaru компаниясына арналған желіні жасау кезінде түпнұсқа майлар сапа стандарттарына және Subaru Corporation өндіруші-зауытының талаптарына сәйкес қатаң сынақтардан өткізілді. Мысалы, ресейлік Subaru дилерлері соңғы бес жыл ішінде дәл осы мотор майымен жұмыс істеп келе жатыр. Subaru Corporation компаниясының мәлімдемесі бойынша мотор майының сапасына қатысты шағымдар мен наразылықтар тіркелмеген.
Арнайы бейімделген қоспалар технологиясы жоғары сапалы негізгі маймен бірге ауыстыру аралықтарында қозғалтқышты барынша қорғауды қамтамасыз етеді.
Subaru түпнұсқа мотор майлары ұзақ уақыт бойы қозғалтқыштың сенімді жұмысына, сондай-ақ әртүрлі режимдер мен пайдалану жағдайларында тозудан мейілінше жоғары қорғанышқа кепілдік береді.
Түпнұсқа май сертификатталған және оның сәйкестік сертификаты бар.
Ресми ұсыныстарға сәйкес, Қазақстанның кейбір облыстарының климаттық ерекшеліктері мен жер бедеріне байланысты мотор майы әрбір 10 мың/км жүрілген жолдан кейін ауыстырылуы тиіс. Май мен сүзгіні уақытылы ауыстырмау қозғалтқыштың істен шығуына әкеп соғады және күрделі жөндеуді қажет етеді.
Тұтқырлығы 5W-30 және 0W-20 болатын түпнұсқа Subaru мотор майы туралы көбірек ақпарат алу үшін Subaru дилерлік орталықтарына хабарласу қажет
Ұсыныс
Алматы, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Шымкент, Орал, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында қолданылады.