08 шілде 2021

21 миллион толық жетекті автокөлік

Subaru корпорациясы осы жылдың маусым айында оның толық жетекті автокөліктерінің (AWD) жалпы өндірісі 20 миллион бірліктен асқанын қуана хабарлайды. Бұл елеулі межеге компания 1972 жылы қыркүйекте Жапонияда алғашқы сериялы толық жетекті Subaru Leone 4WD Estate Van автокөлігін ұсынғаннан бері 49 жылда қол жеткізілді.

Қазіргі уақытта Subaru компаниясының әлемдік сатылымдарының 98 %-ы толық жетекті модельдерден тұрады және осы толық жетекті модельдердің бәрі Subaru Symmetrical AWD жүйесімен, көлденең тарқатылымы бар оппозитті қозғалтқышымен жабдықталған.

Subaru көліктерінің толық жетегінің ең басты ерекшелігі – бұл симметриялы түрде орналастырылған трансмиссия және онымен бір сызықта орналасып, үйлесетін тігінен орнатылған Boxer қозғалтқышы. Boxer қозғалтқышы қамтамасыз ететін төмен ауырлық орталығының және симметриялы трансмиссияның тамаша салмақ теңгерімінің үйлесімі әртүрлі ауа райы мен жол жағдайларында керемет жүру сапасын қамтамасыз ете отырып, толық жетекке тән максималды тұрақтылық пен тартуды қамтамасыз етеді. Осы техникалық артықшылықтарға қоса, Subaru жүргізушіге және жолаушыларға «жоғары рахаттану сезімі мен жан тыныштығын беретін» автокөлікпен біртұтастық сезімін қамтамасыз ету үшін өзінің толық жетекті мүмкіндіктерін үнемі жетілдіріп отырады.

Subaru компаниясының қауіпсіздік пен көлік жүргізуден ләззат алуды қамтамасыз етуге деген ұмтылысының негізіндегі басты технологиялардың бірі ретінде Subaru толық жетек технологиясы жетілдіріліп отырды, оның сипаттамалары электромобильдерде де дамуын жалғастырып келеді.

icon icon icon icon icon

www.pavlodar.subaru.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.